29 Қараша 2019
301

Жаңақалалық палуандар жүлделі оралды

Орал қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған 2007-2009, 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Орал спорт клубының ашық қалалық турнирі өтті.

 

 

Бұл бәсекеге 12 ауданнан және Атырау, Ақтөбе, Орал қаласынан 300-ден астам палуан қатысты. Жас палуандардың шыңдалуына септігін тигізен аталмыш турнирде жаңақалалық жас барыстар бақ сынағанды. Бабы келіскен палуандар жеңіс тұғырынан көрініп, туған жерлеріне абыроймен оралды. Мәселен, 23 келі салмақта Едіге Жүсіп, Шыңғыс Амангелді, 26 келіде Мадияр Серікұлы мен Ұлан Құрамыс, 32 келіде Мақсат Мұратқали, 38 келіде Асылбек Елеубаев, 46 келіде Нұрәлі Ерғалиевтер жарыстың қола жүлдесін қанжығаларына байласа, турнирдің күміс жүлдесіне 26 келіде Шыңғыс Сапарғалиев, 35 келіде Мирас Қуанышқалиев, 42 келіде Рахат Биболатов, 46 келіде Рамазан Рысқалиевтер ие болды. Ал 23 келі салмақта белдескен Ислам Жәнібек турнирдің жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты. Айта кетейік, күреске жаны құмар осынау жас палуандарды баптап жүрген Замир Батыров, Айбек Ишанов, Әділет Қалиарыстанұлы секілді жаттықтырушылардың еңбегі тіптен зор.