29 Қараша 2019
303

Ақсайда Тұңғыш Президент күні қарсаңында бірнеше нысан ашылды

Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласындағы 4 шағынауданда былтыр жылу жүйесін ауыстыру жұмыстары жүргізілген еді. Қазылған топырақ салдарынан күз бен көктемде бұл маңнан тұрғындар жүре алмайтын. Қала әкімдігінің есебінен екі ай бұрын гүлзар салынып, бүгін салтанатты түрде ашылды.

 

 

Ұзындығы 450 метр гүлзарда брусчатка төселіп, орындықтар мен жарық бағандары орнатылған. Жұмсалған қаражат 38 млн. 203 мың теңге. Жаңа гүлзар маңында "Конденсат" компаниясының демеушілігімен STREET WorkOut қойылды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Монтажарнаулықұрылыс" серіктестігі балалар ойын алаңын салып берді. Алаңда алдымен балалардың қауіпсіз ойнауы үшін жағдай жасалған. Қоршалып, жұмсақ жабын төселген. Ойын алаңын салуға демеушілік жасаған серіктестік «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдірді. Жоба құны -15 млн. теңге.

 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Монтажарнаулықұрылыс" серіктестігі балалар ойын алаңын салып берді. Алаңда алдымен балалардың қауіпсіз ойнауы үшін жағдай жасалған. Қоршалып, жұмсақ жабын төселген. Ойын алаңын салуға демеушілік жасаған серіктестік «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдірді. Жоба құны -15 млн. теңге.