06 Желтоқсан 2019
740

Бөкей ордасында «Әскер - 2019» көрме-байқауы өтті

Бөкей ордасы аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығында Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай «Әскер - 2019» атты аудандық әскери техникалар үлгілерінің көрме-байқауы өтті.

 

 

Байқауға, 11-17 жас аралығындағы АБТШО, М-С Бабажанов, Жәңгір хан, Ш.Жексенбаев, Б.Жәнекешов, А.Құсайынов атындағы мектеп оқушылары қатысты.

 

Жалпы байқау бронетехника (танк, бронетранспортер), әуе қорғаныс құрылғылары, әскери ұшақтар, әскери кемелер номинациялары бойынша оқушыларды өзара сайысқа түсірді.

 

 

Байқауда балалар техникалық шығармашылығы орталығының директоры Мереке Махимов, білім беру орталығының әдіскері Манарбек Алтаяқов, қорғаныс істер бөлімінің әскерге шақыру инспекторы Артур Аманжолов, балалар саз мектебінің директоры Қуаныш Дүйсекешов, мектептен тыс тәрбие орталығының директор орынбасары Алтынай Менешова қазылық етіп, 10 балдық жүйемен жасөспірім жұмыстарын бағалады.

 

Жалпы байқау барысында әр оқушы өз қолымен жасалған модельдың қысқа тарихын айтып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.

 

Байқауда бронетехника А.Құсайынов атындағы мектептен Нұрхан Нұрланов, әуе қорғаныс құрылғыларынан дәл осы мектептің оқушысы Нұрдәулет Елтайұлы, әскери ұшақтар алатымында Ғасырбек Рашид, әскери кемелерден М-С Бабажанов атындағы мектептің оқушысы Мұхамед-Али Ғайнетден І орынды жеңіп алды.