27 Желтоқсан 2019
2915

Бәйтеректегі Жаңа жылдық шара

Бүгін Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңажылдық балалар ертеңгілігі өтті.

 

 

Мерекелік шара балалар саз мектебі өрендерінің орындауындағы «Жаңа жыл» әнімен ашылды. Әуезді әуен ырғағында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев аудан әкімі Асхат Шахаровтың құттықтауын жеткізді.

 

 

- Бүгінгі мерекеге жиналған балалар! Баршаңызды  Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Өткен жыл еліміз үшін, аудан үшін де табысты жыл болды. Біздің болашағымыз – өздеріңізсіздер! Бәріңізге жарқын келешек  тілеймін. Оқуда озат, өнерде алда болыңыздар! – деді ол.

 

 

Одан соң Аяз Атаның жаңа жылдық сыйлықтардың шеруі ұйымдастырылып, Аяз Ата мен Ақшақар мерекенің сәнін кіргізді. Сыйлық алған балғындар мәз болса, Ақшақар көңілді ойындар ұйымдастырды. Мерекелік кеште «Гүлдер» би тобы, балғындар «Жаңа жыл», «Новогодние игрушки» т.б. әсем әндер шырқалып, мерекелік би биленді.

 

 

Айта кету керек, мерекелік кештің жоғары дәрежеде өтуіне аудандық білім беру бөлімі, аудандық мәденидемалыс орталығы мұрындық болды.