23 Қазан 2018
362

Теректідегі емханада электронды кезек жолға қойылған

 

23.10.2018ж

 

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов Федоров ауылындағы бірқатар мекемелерді аралап, қызметкерлермен жүздесті.

Аудан басшысы аудандық орталық емханасына ат басын бұрып, мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. Емхана директоры Зейл Мағзомов мекеменің электронды кезек жүйесіне толықтай көшірілгенін баяндап, амбулаториялық кітапшалардың жойылғанын атап өтті.

 

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында 19 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмысы жасалса, соның бірі осы Теректі ауданының орталық ауруханасы еді. Әділ Тауфиқұлы 33 жылдан кейін күрделі жөндеу көрген аудандық орталық ауруханаға бас сұқты.

 

Емханада электронды кезек жолға қойылған. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 480 млн. теңге бөлінген.

 

2006 жылы пайдалануға берілген 40 орындық аудандық №2 саз мектебінде 130 оқушы өз таланттарын шыңдауда. Аудан әкімі сегіз сыныпты түгелдей аралап, оқушылардың жетістіктеріне қанықты.

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz