05 Қараша 2018
734

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

 

  1. Қызметі туралы қысқаша ақпарат

 

Батыс Қазақстан облысы аумағында жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

 

  1. «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

 

Т.А.Ә.

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Мұханбетжанова

Әлия

Биғазықызы

Басқарма басшысы

БЕЙСЕНБІ

16:00-18:00

506646

Ашықпаев

Жұматай

Иманғалиұлы

Басқарма басшысының орынбасары

СӘРСЕНБІ

16:00-18:00

506646

 

  1. БҚО БОЙЫНША ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ және жер қойнауын пайдалану САЛАларындағы МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТІЗБЕСІ:
  2. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  3. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  4. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  5. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  6. «Суармалы егiстікті алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  7. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  8. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  9. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  10. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін ақындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  11. «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  12. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  13. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  14. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

 

  1. НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Батыс Қазақстан облысы аумағында жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыру және тек кең таралған пайдалы қазбаларды ғана өндіру жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың шарттарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру.

 

Міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеу және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

 

Функциялары:

  • облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
  • облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
  • аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
  • облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау
  • жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
  • өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
  • өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  • жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  • облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
  • жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
  • өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
  • Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
  • кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасау;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасау;
  • Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар беру және оларды резервке қою;
  • жер учаскесіне құқықтарды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің 108-бабына сәйкес жасалатын жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімдеу;
  • пайдалы қазбалар жатқан аумақтарға құрылыс салуды реттеу, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерін есепке алуды жүргізу;
  • берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру.

 

  1. Пошта мекенжайы: индексі 090006, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй.

 

  1. 6. Электрондық пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

  1. Анықтама қызметтерінің телефондары: 506646 (қабылдау бөлмесі)

 

  1. 8. Ресми интернет-ресурс: www.zhkb-bko.gov.kz