28 Қантар 2019
214

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 51-18-99, Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, бірлік. «D-О-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 182 387 (min) теңгеден 246 515 (max) теңгеге дейін

 

Функционалдық мiндеттерi:

 

Басқарма қызметіне басшылық жасау, басқарманың қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орман өсiру, су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды қарастыратын жоспарлар әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету, өңірдің даму бағдарламасын әзірлеуге қатысу және тиісті уәкілетті органдармен келісу, қоршаған ортаны қорғау саласында инвестициялық жобаларды әзiрлеуді ұйымдастыру және оларды уәкiлеттi органдарға ұсыну, мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеу және оларды орындауды iске асыру, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны (өсіп тұрған сүрек үшін ставкаларды қоспағанда), жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын дайындау, уәкiлеттi органға беру үшiн орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттiк орман кадастры, өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк мониторингi бойынша материалдар әзiрлеу, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi бойынша ұсыныстар әзірлеу және уәкiлеттi органмен келiсу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітуге ұсыну, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдауға қатысу, орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен, ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру бойынша тендерлер ұйымдастыру және өткiзу, бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысатын, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөніндегі шаралар қолдану, коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебі туралы ақпарат жинақтауды жүзеге асыру, жергілікті уәкілетті органмен келісілген жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекітуге ұсыну, өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлеу және келісу, ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің шаруашылық қызметіне экологиялық сараптама жүргізу, қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттарды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзу және мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органның қарауына енгізу, ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру, шектеу, тоқтату, орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер беру және осы учаскелердi осындай объектiлер салу үшiн пайдалануға рұқсат беру, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерi тiзбесiнің, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер жобасын бекiтуге дайындау, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтуге дайындау, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеу, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету, өз құзыретi шегiнде табиғат қорғау iс-шараларының жоспарларын келiсу, коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi ұйымдастыру, коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының жобасын бекiтуге дайындау, өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару бағдарламаларына келісім беру, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру бойынша конкурстар өткізу, бiр облыстың аумағында орналасқан, жергiлiктi, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзу, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру, аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды және қамтамасыз етеді, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелердің резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе)  учаскелерiн паспорттауды жүргiзу, рекреациялық балық аулау аймағын белгiлеу жобасын дайындау, балық шаруашылығы учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу жобаларын дайындау, ұйықтарды (ұйықтық учаскелердi) ашу және жабу, екi және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшiн аулау, сондай-ақ сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрiн қоспағанда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру, аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзуге шарттар жасау, елдi мекендердi шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн жерасты суларына iздестiру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, жер үсті су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті негіздеме болған жағдайда осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат бере алады, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызмет түріне хабарлама беруді жүзеге асыру, келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуымен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу, тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу, құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендер немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбесінің жобасын бекітуге дайындау, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастыру, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекітуге дайындау, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру, жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдесу, құзыреті және уәкілетті орталық атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітуге дайындау, мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға немесе реконструкциялауға тыйым салу немесе рұқсат беру, тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi, қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асыру, жер қойнауын пайдаланушымен келісімшаррардың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау, мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер жобасын дайындау, кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамаларында және басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі басқарма жұмыстарын ұйымдастыру.

 

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), жаратылыстану ғылымдары (экология, химия, биология, гидрология, метеорология), құқық, ауыл шаруашылығы ғылымдары (жерді мелиорациялау, құнарлығын қалпына келтіру және қорғау, агрономия, аңшылықтану және аң өсірушілік, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, орман ресурстары және орман өсірушілік, су ресурстары және суды пайдалану, өсімдіктерді қорғау және карантині), техникалық ғылымдар және технологиялар (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, гидротехникалық құрылыс және ғимараттар, метрология, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы), көрсетілетін қызметтер (геоэкология, табиғат пайдалануды басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

               1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

           2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

             3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

             4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

             5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

         2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

        Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.»;

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

 

Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

_______________________
 (мемлекеттік орган)

 

 Өтініш

 

     

Мені_________________________________________________________
_____________________________________________________________
                                                                                                                                                                                                                                                     бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________
  (қолы)                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.