26 Шiлде 2019
50

[b] «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

26.07.2019

 

[b] «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 51-18-99, Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, бірлік. «D-О-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 182 456 (min) теңгеден 246 519 (max) теңгеге дейін [/b]

 

[b]Функционалдық мiндеттерi: [/b]

 

Басқарманың қызметіне басшылық жасау, облыс аумақтарын дамыту бағдарламасын әзірлеу, түзету және іске асырылуына мониторинг жүргізу, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және түзету кезінде келісу, аумақтарлы дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу саласында әдістемелік қамтамасыз ету, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау және мониторинг жүргізу, үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің негізгі параметрлерін, жоспарлы кезеңге арналған облыс бюджетінің жобасын әзірлеу, аумақтық салық органымен бірлесіп, жергілікті бюджетке кірістерді болжау, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар көлемдерін болжау, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытындылар әзірлеу, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекiту, нақтылау туралы облыстық мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту, нақтылау туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу, үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы облыстық мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу, бюджеттік жоспарлау процесін әдістемелік қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындыларын қарау және әзірлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемелері бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу, ауылдық жерлердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды үйлестіру және мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға сараптама жіберу, жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жетекшілік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындау, тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде конкурстық құжаттама бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, бюджеттік комиссия мақұлдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін және консультациялық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру, жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамаларында және басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі басқарма жұмыстарын ұйымдастыру.

 

[b]Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: [/b]

 

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика, маркетинг, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), жаратылыстану ғылымдары (математика) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім .

 

 [b]Құзыреттер бойынша талаптар: [/b]

 

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

 

[b]Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: [/b]

             

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

                

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

                

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

                

4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

                

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.

 

[b]Құжаттарды қабылдау мерзімі: [/b]

 

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

[b]Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: [/b]

           

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

           

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

           

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

 

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.»;

 

 [b]Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны: [/b]

 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

 

[b]Қосымша ақпарат[/b]

 

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

_______________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

[b] Өтініш[/b]

 

     

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________
  (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.