21 Қараша 2018
640

Облыс әкімі «Нұржанар» кәсіпорында болды

Кәсіпорын директоры Рустам Ахметовтың айтуынша, компания қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануда.

-        Кәсіпорның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында цифрландару және жасыл технологияларға көңіл бөлуді жалғастыру қажет. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев та жиі айтып жүр, - деді облыс әкімі.

Еске салайық, «Нұржанар» АҚ - өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Бүгінгі күні компания алкогольсіз сусындар мен бөтелкедегі су өндірісімен айналысады. Зауыт отандық және шетелдік жабдықпен жабдықталған. Қызметкерлер саны - 228 адам.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жолдауын қолдау аясында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 30 қызметкердің еңбекақысы көтеріліп, жалақы көлемі 85 000 теңгеге жететінін атап өткен жөн.