22 Қараша 2018
560

Облыс әкімі халықаралық жарыстың жеңімпаздарымен кездесті

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі дене шынықтыру мен спортты дамытуға көп көңіл бөледі. Мемлекет спортшыларымызға қолдау көрсетуін жалғастырып келеді. Сіздер аймақтың абыройын асқақтатып, Ақжайық өңірінің спорттағы даңқты дәстүрлерін жалғастырып келесіздер. Бұл жетістіктер мемлекетіміздің спортты дамытуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Барша өңір тұрғындары атынан жеңістеріңізбен тағы да құттықтаймын. Сіздерге денсаулық, табыс, үлкен жеңістер тілеймін, - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында спортшылар өздері қатысқан байрақты бәсекеден алған әсерлерімен бөлісіп, болашақтағы жоспарлары туралы айтты.

Айта кетейік, Румыния елінде өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қоланы қанжығалап чемпионат кестесінде 5 орынды иеленді. Олардың арасынан самбо күресінен  Нұрбол Серіков және әскери самбо күресінен Темірлан Ихсанғалиев алтын медаль иеленді.