22 Қараша 2018
392

Міндетті сақтандыру бойынша емханаларда тіркеу аяқталады

Оның ішінде төртеуі – жеке клиника. Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, біздің облыста әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 672 479 адам тіркелді. Олардың тең жартысына жуығы, яғни, 319 010-ы – ауыл тұрғыны. Бұл жайында БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі брифингі алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова хабарлады.

Облыстың 13 332 тұрғыны емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланған. «Медикер Ақсай» ЖШС-ның жеке медициналық ұйымын 2 865, Орал қалалық №3 емхананы 2 116 тұрғын таңдап, басқаларынан көш бастаған. Емхана арқылы тіркеу тоқтатылатындықтан, халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, арнайы жабдықталған Connection Points бұрышын пайдалануға болады. Сондай-ақ Egov.kz телеграм-бот арқылы смартфонмен онлайн тіркеле беруге болады. Келесі жылы  тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде 23 ұйым қызмет көрсете бастайды.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

zhaikpress.kz