22 Қазан 2018
566

БҚО-ға тағы 32 млрд. теңге инвестиция тартылатын болады

22.10.18ж

 

Елбасы өз Жолдауында компаниялардың әлемдік нарыққа шығудың ыңғайлы жолын жасау мақсатында барлық салаларға инвестиция тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау керектігін атап өтті. Елдің табысты дамуының басымдықтарының бірі агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту және инвестиция тарту үшін тиісті шаралар қабылдау болып табылады.


Соңғы 3 жылда БҚО-да негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 47%-ға  артып, 1 трлн. 163 млрд. теңгені құрады, оның ішінде индустриядағы инвестиция көлемі 10%- ға артып, көлемі 911 млрд. теңгені құрады. Сыртқы инвестициялар 35%-ға артып, 795 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі 68% -ды құрады.


Орал қаласында инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Отырыста жалпы құны 32 млрд. теңгеден астам жобалар қарастырылады.


«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев өңірлік кеңестің жұмысына қатысып, БҚО-ның шетелдік инвестицияларды тартудағы әлеуеті жоғары  екендігін атап өтіп, оның стратегиялық мақсаттарына, географиялық орналасуы қолайлылығына байланысты және табиғи қорлардың мол болуы инфрақұрылымның дамуына зор мүмкіндік беретіндігін ерекше назарға алды. 


Өз кезегінде, облыс әкімі Алтай Көлгінов  инвестициялық тартымдылық аймақтың экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі екендігін атап өтті.


- Ұсынылған жобалар біздің облысымыз үшін маңызды. Президенттің агроөнеркәсіптік кешенді, еліміздің туристік кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жерді, инвестициялық субсидияларды, кедендік баждарды, салық міндеттемелерін қамтамасыз ету тұрғысында инвесторларға көпжақты қолдау көрсетеміз. Инвесторлар жерге және мүлікке салынатын салықтан босату үшін он жылдық кезеңнің артықшылықтарымен қамтамасыз етіледі және 20% инвестициялық  депозиттері қайтарылады. Кәсіпкерлер үшін бұл мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау. Жалпы алғанда, ШОБ- тің дамуы, аймаққа инвестиция тарту мәселесі басымдықтардың бірі болып табылады, - деді А.Көлгінов.


Барлық жобаларды «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, еліміздің Премьер – Министрі басқаратын директорлар кеңесі қолдады. Мысалы, ауыл шаруашылық саласында 4 жоба ұсынылды, олардың 3-уі мал шаруашылығы және бір жылыжай кешенінің жобасы болды.


Ауыл шаруашылығында төрт жоба ұсынылды, олардың үшеуі мал шаруашылығы саласында және бір жылыжай кешенінің жобасы. «Агропродукт» компаниясы Сырым және Зеленов аудандарында 3 мың бас малға арналған ашық азық алаңын салуға 1,2 млрд.тг жұмсамақ, оның  70% - ы заемдық болса, 30%-ы компания қаражаыт есебінен жүзеге асырылады.


«Central Feedlot» компаниясы Зеленов ауданындағы Янайкино ауылындағы бордақылау кешені үшін 5 мың га жем-шөп базасын құруды жоспарлап отыр. Өндіріс көлемін жоба аясында 1 жыл ішінде 4 мың бастан 10 мың мал басына дейін көбейту жоспарланып отыр.


«WorldGreenCompany» ЖШС жылыжай кешенін салу жобасын ұсынды. Голландиялық компанияның инвестиция көлемі 13 млрд.тг құрайды. Жоба көлемі – 4,400 т қияр және 3,450 т қызанақты құрайды. Жылыжай кешенінің негізгі жеткізуші компаниясы – ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласының жетекші голландиялық компания болып табылады.


Аймақтағы туристік кластерді дамытудағы екі инвестициялық жоба ұсынылды. Бұл Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 108 нөмірге арналған 4 жұлдызды «Holiday Inn» қонақ үй кешенінің құрылысы, жоба құны 3,6 млрд. теңгеден астам құрайды, оның 85%-ы «ПСП «Серік» ЖШС компаниясы есебінен салынатын болады.


Сондай-ақ, Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағын жаңғырту жобасының құны – 570 млн.тг. Сондай-ақ саябақта биіктігі 45 метр көру дөңгелегі орналасады.


Бұдан басқа, кездесу барысында отандық және шетелдік инвесторларға арналған өңірлік инвестициялық порталы іске қосылды. Оның негізгі мақсаты инвестициялар тарту арқылы облыстың әлеуетін ашу және көркеюіне үлес қосу және де инвесторларға ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.


Естеріңізге сала кетейік, биыл Кеңестің үш отырысы өткізілді, олардың біреуі Татарстан Республикасы Президентінің сапары кезінде өтті.


ФОТО: Александр Куприенко