23 Қараша 2018
369

БҚО-да дәрі-дәрмекпен қамтуда қиындық жоқ

Айта кету керек, осы жылдың көктемінде науқастарға тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектерге қатысты түйткіл туындаған болатын. Тексерулер барысында сусамыр дертін анықтау қиындап, қатерлі дертке шалдыққандардың дәрілеріне қолдары жетпей отырғаны анықталған еді. Сала мамандарының айтуынша, күні бүгін аймақта дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Сапасы да қатаң бақылауда. Облыстық Фармация департаментіне соңғы 9 айдың ішінде өңір тұрғындарынан 27 арыз түскен. Олардың дені дәрілік заттардың уақтылы берілмеуімен байланысты. Нәтижесінде әкімшілік істер қозғалып, кінәлілерге 522 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.    Сәбит Ескендіров, облыс бойынша Фармация департаментінің басшысы: - БҚО бойынша 3300-ден астам орамдағы дәрілер нарықтан кері қайтарылып алынды және жойылды. Бұл сапасыз деп есептелген дәрілер. Өндіріс дұрыс өндірмеген, сақтау мерзімі, жағдайы дұрыс болмаған, сапасы жоқ немесе өте төмен дәрілерді жойдық. Руслан Айдарханов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамту бөлімінің басшысы: - Күні бүгін дәрі-дәрмек қоры толық, жетіспеушіліктер жоқ. Бүгінгі күні 4 миллиардтай ақшаға 48 ауру түрі бойынша 400-ден дәрі-дәрмек жеткізілді. Мемлекеттік тапсырыспен және тегін берілетін дәрі-дәрмектер.