22 Қазан 2018
678

Облыс әкімі еңбек ардагерімен кездесті

 

22.10.2018ж

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов еңбек ардагері Төлеген Себеповпен кездесті.

22.10.2018ж


Кездесу барысында облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуы және ауыл шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.


«Саналы ғұмырыңызды адал еңбекке арнаған жоғары кәсіби, тәжірибесі мол мамансыз. Таңдаған салаңызға деген адалдығыңыз, жауапкершілігіңіз, біліміңіз, мол тәжірибе мен өнегелі істеріңіз қашан да зор құрметке лайық, - деп облыс әкімі алғысын білдірді.


Өз кезегінде еңбек ардагері ауыл шаруашылық саласына өз үлесін қоса беретінін облыс әкіміне айтып, ризашылығын білдірді.


ФОТО: Александр Куприенко