26 Қараша 2018
426

«Қой етін экспортқа шығару бойынша жоспар 3 есе артығымен орындалды»

 

-Өңірдің ішкі жалпы өнімі 1,2 трлн. теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 0,6 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өніміндегі облысымыздың үлесі 5 пайыз. Бұл көрсеткіш республика бойынша 7 орын.


Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Еліміздің экономикалық саясатының негізгі элементі экспортқа бағытталуы керек» деп айтқан болатын. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттың көлемі 8 айдың өзінде 150 млн. АҚШ долларын құрап, 26 пайызға өсті.


Батыс Қазақстан облысы 2,5 мың тонна ет және ет өнімдерін экспорттап, қой етін сыртқа сату бойынша жоспарымыз 3 есе артығымен орындалды, - деді Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО әкімі Алтай Көлгінов.

 

zhaikpress.kz