28 Қараша 2018
533

БҚО-да жастардың «Жыл үздігі-2018» байқауы жарияланды

 

2008 жылдан бері облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда, жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласқан, әр сала бойынша өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды анықтау мақсатында жыл сайын өтіп келеді.

           

«Жыл үздігі - 2018» жастар сыйлығы келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

  • «Үздік жас көшбасшы»;
  • «Үздік студент»;
  • «Үздік жас ұстаз»;
  • «Үздік жас ғалым»;
  • «Үздік жас өнерпаз»;
  • «Үздік жас дәрігер»;
  • «Үздік жас спортшы»;
  • «Үздік жас журналист»;
  • «Үздік жас маман» (Бұл аталым бойынша  құжаттар тек қана жұмысшы мамандықтарының өкілдерінен қабылданады);
  • «Үздік жас кәсіпкер».

Арнайы атылымдар:

  • «Қайсарлығы мен батылдылығы үшін» (Бұл аталым бойынша құжаттар БҚО Ішкі істер департаменті, БҚО Прокуратурасы, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті,  әскери бөлім  өкілдерінен қабылданады);
  • «Жыл жаңалығы» (комиссия шешімімен анықталады).

Құжаттар 2018 жылдың 7 желтоқсанға дейін Ж.Молдағалиев көшесі, 19, 108-кабинет мекенжайында қабылданады. Толық ақпаратты БҚО бойынша «Болашақ» Қауымдастығынан 93-35-49, 8775 252 10 02 нөмірлері арқылы білуге болады.

 zhaikpress.kz