28 Қараша 2018
570

Батысқазақстандық мемқызметкерлер қар тазалау челленджіне шақырды (ВИДЕО)

 

«Өз қалаңды, аулаңды тазала» челленджін Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі аппаратының қызметкерлері бастады. Олар түскі үзіліс уақыты таяғанда бір адамдай жұмылып, әкімдік ғимаратының айналасын қардан тазартты.

 

-Біз, облыстық әкімдік қызметкерлері, бұл челленджді БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен Бөрлі ауданының әкімдігіне табыстаймыз. Барлық оралдықтарды челленджді қолдауға шақырамыз, - дейді БҚО әкімдігі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Ақласов.

 

Қардан тазалауды жауапты мекемелерге ғана сеніп отырмай, қол ұшын созуға шақырған бұл бастаманы қолдаушылар, қар аршуды қара жұмыс емес, сауапты іс дейтін еріктілер көп болады деп сенеміз.

 

Нұрлыбек Рахманов,

видео Динара Киндербаева

zhaikpress.kz

https://youtu.be/m05fr4Xxerg