29 Қараша 2018
563

Оралда «Қазақтың ұлттық коды - төл жазу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

КОнференция жұмысына ғылым қауымдастығының өкілдері, ЖОО оқытушылары мен жастар қатысты. Шараға А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Жүнісбек Әлімхан, Баку мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Садигов Шамиль, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ҒПО ғылыми хатшысы Хабиева Алмагүл, 29-Мамыр Стамбул университетінің профессоры  Озтюрк Гоксель қатысты.

Сонымен қатар, шара барысында «Latyn kórmesı» көрмесі ашылды. Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастыруымен 1929-1940 жылдары латын қарпінде басылып шыққан 120-ға жуық ерекше басылымдар қойылды. Аталған көрме Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 ай бойы жалғасын табады.

 

Фото: Халелов Рафхат