04 Желтоқсан 2018
396

Оралда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараның қатысушыларын облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады

-Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-

қағым сәт болғанымен, 27 жыл ішінде әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатынымызды паш еттік. Осындай игі істерде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Халқымыз бай-қуатты, елін жарқын болашаққа жетелеген Елбасымыз аман болсын! Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз ғұмырлы болғай!, - деді облыс әкімі.

Шарада бірқатар батысқазақстандық республика мен өңірдің дамуына елеулі үлес қөосқаны үшін мерекелік медальдармен марапатталды.  

Сонымен қатар, Х. Бөкеева атындағы драма театрында Елбасының өмірбаяны мен Батыс Қазақстан облысына жасаған іс-сапары бейнелейтін кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды.