04 Желтоқсан 2018
355

БҚО-да биыл 3500 пәтер пайдалануға беріледі

 

- «Нұрлы жер», «7-20-25», «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жыл сайын баспанаға мұқтаж жандарға үйлер салынуда. Былтыр облыста 1500 адамға пәтер берілсе, биыл 3 500 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Орал қаласында 24 көп қабатты үй тұрғызылса, аудандарда 104 үй салынды. Келесі жылы қала маңында аумағы 450 гектар Ақжайық шағынауданында 150-ден астам үйдің құрылысы басталады. Қазіргі уақытта құрылыс орнына инженерлік-коммуналдық желілер тартылуда. Елдің дамуына жағдай жасап жатқан Елбасының еңбегі зор. Көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі нығая берсін, – деді Алтай Сейдірұлы. Облыс әкімі елімізде урбанизация үдерісі белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Алдағы жылдары Орал қаласының тұрғындарының 500 мыңға жетеді деп есептелінуде.

 

Зашаған кентіндегі 120 пәтерлік 9 қабатты үйдің құрылысы 2017 жылы маусым айында басталды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында жүргізілген үйдің құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Пәтер кілттеріне үй кезегінде тұрғандар мен «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» салымшылары ие болды.

 

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz