06 Желтоқсан 2018
688

БҚО әкімі: «Жәнібек ауданының орталығында спорт кешенінің құрылысы басталады»

- Облыс бойынша 3500 пәтер салып жатырмыз. Жәнібек ауданында бір жылдың ішінде 48 үй салынып, кезек күтіп тұрған 104 отбасы баспанаға ие болды. Жәнібек ауданы «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жағынан облыс аудандарының ішінде көш бастап тұр. Бұл жерге жаңа қоныстанған тұрғындар алдағы уақытта тал-терек отырғызып, көшені көгалдандырып, абаттандырулары керек. Аудан орталығындағы көшелерде 1989 жылдан бері қатқыл табанды жол салынбаса, бір айдың ішінде көптеген көшелерге асфальт төселді. Келесі жылы аудан кең жолақты интернетпен қамтылатын болады. Биыл мамыр айында Елбасы облыс орталығына келгенде Қазталов-Жәнібек-Бөкей Ордасы бағытында қатқыл жол салу туралы тапсырма берілетінін айтқан болатын. Нәтижесін көріп отырмыз. Жолды салу үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл жол шекараға дейін барады. Жолмен бірге бұл аудандарға шағын ұшақ әуежайын салу жұмысы қатар жүргізіледі. Келесі жылы Жәнібек ауданының орталығында спорт кешенінің құрылысы басталады,-деді облыс әкімі.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының саясаты өңірдің әр аудандарында тиісті деңгейде жүзеге асып жатқанын айтып, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, биыл Жәнібек ауданы орталығында ұзындығы 10 км құрайтын 9 көшеге жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

ФОТО: Темирболат Токмамбетов