12 Желтоқсан 2018
561

Республика бойынша Теректі ауданы І орынды жеңіп алды

 

Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын.

 

Айта кетейік, қатысушылар төрт, яғни, «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша сайысқа түсті.

 

Аталмыш сында Теректі ауданының мәртебесі биік болып, шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіші жөнінен республика бойынша Теректі ауданы бірінші орынды жеңіп алды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановты марапаттады.

 

Әділет ОРЫНБАСАРОВ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz