12 Желтоқсан 2018
485

БҚО-ның үздік әдіскері анықталды

 

Төрт кезеңнен тұрған байқауға Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің он екі әдіскері қатысты.

 

Алдымен қатысушылар «Бұл байқауға не үшін қатысамын» деген мотивациялық хат жазды. Ал таныстыру кезеңі «TED x» форматында өтті. Бұл кезеңде әдіскердің даму бағдарламасы да айтылды. Даму бағдарламасының өзектілігі, жарыссөздің креативтілігі бағаланды. Кейін әдіскерлер ғылыми-әдістемелік жобаларын қорғады. Аталмыш кезеңде Алтынтас Орынқызы «Оқу мен оқытудағы педагог қызметін ұйымдастыру» атты жобасын ұсынды. Соңғы айналым педагогикалық ринг деп аталды. Мұнда педагогдың күнделікті жағдайда кездесетін ситуациялық тапсырманы орындады.

 

Алтынтас Орынқызының он үш жылдан бері аудандық білім беру бөлімінінде әдіскер қызметін аброймен атқарып жүр. Жетістіктері де аз емес.

 

Биылдың өзінде облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын, облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен, республикалық «Тәуелсіз ел жастары» ҚК алғыс хатымен марапатталған.

 

Өткен жылы «Инклюзивті білім беру: Теория. Практика. Тәжірибе» және «Білім беру ресурстарын жаңғырту, Тәжірибе және болашағы» халықаралық конференцияларына қатысып, білімін жетілдірген.

 

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz