12 Желтоқсан 2018
565

Ақоба таза ауыз сумен қамтылды

 

Аудандық сәулет, қала құрылысы  және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Адиевтің айтуынша, ауыз су құбырының құрылысы биыл сәуір айында басталған. Республикалық және облыстық бюджеттен 280 млн. теңге бөлінген. Мердігер «Жайыгазсуқұрылыс» ЖШС он алты шақырымдық құбыр тартып, 177 тұрғын үйге және 6 әлеуметтік нысанға ауыз су кіргізілді. Ауылға су көзі төрт скважинадан тартылып отыр. Жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде 50 текше метрлік су қысымды мұнарасы тұрғызылып, 200 текше метр резервуар, насос станциясы салынды. Су тұшытқыш қондырғы да орнатылды.

 

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz