13 Желтоқсан 2018
357

Биыл БҚО-да жер телімдері саудаланған 14 аукцион өткен

Олардың жалпы ауданы 163 мың гектарды құрайды. Бөрлі, Тасқала аудандарындағы конкурстар электрондық түрде zem.kz порталында өтті. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 119,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 177 жер телімі ұсынылды, - деді Әлия Биғазықызы.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет меншігіне қайтарылған жалпы ауданы 75,4 мың га 116 жер телімін ұсыну бойынша 8 конкурс өткізілмек.

2018 жылы өңірде ауданы 34,5 га болатын 84 жер телімін коммерциялық мақсатқа жалға алу құқығын сату бойынша 14 аукцион ұйымдастырылды. Мұндай жер телімдеріне жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукциондар zem.kzпорталында, Ақжайық, Қазталов аудандарында өткізілген. Жалпы 83 млн. 730 тыс. теңгеге  ауданы 25,2 га болатын 53 жер телімі саудаланған.

Гүлбаршын Әжігереева,

© zhaikpress.kz