13 Желтоқсан 2018
390

Соңғы 6 жылда пайдаланылмаған 1 млн. 480 мың гектар жер анықталған

 

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, 2012-2018 жылдар ішінде пайдаланылмаған 1 млн. 480,5 мың гектар жер анықталса, соның 1022,1 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Осы кері қайтарылған жердің 590,4 мың гектары жаңа жер пайдаланушыларға берілген. Жер шалғайлығына, өнім түсімінің төмендігіне байланысты 431 мың гектар жер сұранысқа ие болмай, ауыл шаруашылығы айналымына қосылмай қалды. Оның негізгі бөлігі Жәнібек, Қазталов, Ақжайық, Бөрлі, Сырым және Шыңғырлау аудандарына тиесілі. Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жерді пайдаланушылар 363,7 мың гектар жер алқабын мақсатқа сай игеріп үлгерді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игермеу фактілерін анықтау жұмыстары жалғасуда.

 

Гүлбаршын Әжігереева,

© zhaikpress.kz