13 Желтоқсан 2018
505

Бөрліге газ жетті

 

Елбасымыз халықтың әл-ауқатын көтеруді, тұрмыс сапасын арттыруды басты бағдар етіп отыр. Жыл сайынғы жолдау мен қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың қай-қайсысының да басты темірқазығы – халықтың әл-ауқаты, өмір сүру сапасы. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыз. Ауданымыз таза ауыз су, көгілдір отынмен 100% қамтылды. Ауданда 6550 тұрғын бар. 1151 үй мен 35 әлеуметтік нысанға газ құбырын тарту үшін облыстық бюджеттен 213 млн. 511 мың теңге қарастырылды. 2000 шақырым су құбыры тартылып, ауданның алыс-жақындағы төрт елді мекенін таза сумен қамтамасыз етілді,-деді салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов:

 

Өз кезегінде сөз алған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Тілек Кереев, ауыл ақсақалы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерсайын Құбышев сөз алып, елдегі ағайын әл-ауқаты күн санап жақсарып келе жатқанын, Елбасы Жолдауындағы тапсырмалардың нәтижесіне көз жеткізіп отырғандарын айтты.

 

Бөрлі ауылына газ құбырын тартып, өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосқан «Жайыққұрылысфакт» ЖШС директоры Қанат Нәжімеддиновке алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды.

 

Әділет Әбдіров,

Бөкей орда ауданы

© zhaikpress.kz