14 Желтоқсан 2018
388

БҚО-да балабақша саны 500-ге жетті

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да бөбекжайлар көптеп ашылуда. Мәселен, Ақжайық ауданының орталығында 5 балабақша болса, соның үшеуі жеке  қаржыға салынған. Бүгінде кәсіпкерлер 35 бүлдіршінге мемлекеттік тапсырыс алады. Ал жуырда ашылған «Астана» балабақшасы мемлекеттің демеу қаржысына қол жеткізу үшін тиісті құжаттар жинақтауда. Мұнда 70 бала тәрбиеленеді. 10 адам жұмысқа орналасқан. Альбина Кенжетаева, кәсіпкер: - Бізде 70 бала. 100-ге толтыру керекпіз. Ғимарат бәрі жаңадан бастап салынды. Аржағында біздің би залымыз, музыкалық залымыз бар. Әрі қарай жалғастырып саламыз деп ойлаймыз, балалардың көбеюіне байланысты.