19 Желтоқсан 2018
356

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

 

- Өңір тұрғындары атынан Сіздерді мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге және нəрестелеріңізге мықты денсаулық тілеймін, ал медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, -деген облыс әкімі әр анаға бесік арба сыйлады.

 

Өз кезегінде жас аналар өздеріне сыйлаған көтеріңкі көңіл-күй, сəбилеріне берілген қажетті сыйлық үшін алғыстарын білдірді.

 

- Тәуелсіздік күні мерекесінде келіп, бізді елеп жатырсыздар. Дәрігерлерге көп рахмет, солардың арқасында сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр, - деді Айнагүл Серікқалиқызы.

 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жас аналар мен нәрестелер өздерін жақсы сезінуде.

 

Еліміз үшін қасиетті де қастерлі күн болып табылатын 16 желтоқсан - Тəуелсіздік мерекесінде өңірімізде жарық дүние есігін ашқан 37 нəрестенің 20-сы ұл, 17-сі қыз.  Облыстық перинатальдық орталықта 16 сəби (10 ұл, 6 қыз), қалалық көп салалы ауруханада 14 сəби (5 ұл, 9 қыз), аудандарда 7 сəби (5 ұл, 2 қыз) өмірге келді.

 

Фото: А.Куприенко

zhaikpress.kz