19 Желтоқсан 2018
445

Батысқазақстандықтар мәртебелі сыйлықпен оралған ақынды қарсы алды

 

Тәуелсіздік күні Астана қаласынан туған жеріне мәртебелі сыйлықпен оралған Ақжайықтың Ақ шағаласын Орал қаласындағы әуежайдан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов және бір топ жерлесі қарсы алып, құттықтады.


– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің еңбегіңізді ескеріп, әдебиет саласындағы мәртебеңізді көтеріп, зор құрметке бөлеп жатыр. Орал өңірі де қуанып, өзіңізді құттықтауда, - деді Ғабидолла Абдоллаұлы.


Ақ тілекпен және гүл шоқтарымен қарсы алған бір топ жерлесіне ақын ризашылығын білдірді.


– Менің мақсатым туған еліме, Ақ Жайығыма, ұл-қызыма үлгі болып, солардың абыройын асқақтататын өмір сүріп, қаламыммен қызмет атқару еді. Міне соның барлығы бүгін ескеріліп, Елбасының қолынан үлкен сый алдық. Мұны Қадыр ағамнан кейін араға 37 жыл салып, елге сыйлаған сыйым және мені «Ақ шағалам» деп еркелеткен халқымның қолдауы деп білемін. Елбасы бұл өңіріміздің ерекешелігін, тарихымыздың тереңдігін айтып, халыққа сәлем жолдады. Мен де Нұрсұлтан Әбішұлына еліміздің атынан алғысымды жеткіздім, – деді Ақұштап Бақтыгерейқызы.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,

© zhaikpress.kz