20 Желтоқсан 2018
463

Көнеккеткенге ауыз су жетті

 

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 241 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған бұл құрылыстың бұрынғыдан өзгешелігі көк пен жердей. Заманауи пластикалық құбыр, 2 жаңа ұңғы, суөлшегіш, сутазартқыш секілді әуелде болып көрмеген құрылғыларды айтпағанда, ауылдық округ орталығымен оның 9 шақырым жердегі Қамыстыкөл бөлімшесіндегі баспаналарға ауыз су кіргізудің зор мүмкіндігі келді.

 

Құрылыстың пайдалануға берілуіне орай өткен салтанатты шараға аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов қатысып, көнеккеткендіктерді, бас мердігер «Лайгэ» ЖШС-ның жұмысшы-қызметкерлерін құттықтап, сөз сөйледі.

 

Қайта жаңғыртылған су құбырының жалпы ұзындығы – 27 шақырым, әрқайсысының сыйымдылығы 150 текше метр 2 резервуар бар.

Бекем БЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz