20 Желтоқсан 2018
495

Майтүбек ауылы газбен қамтылды

 

Аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев елді мекен тұрғындарының қуаныштарына ортақтасты.

 

-Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Еліміздің ең шалғай ауылдарына дейін жетіп жатқан әлеуметтік саладағы жаңашылдықтар соның айқын дәлелі. Бүгін міне, сіздің ауылға да көгілдір отын келіп жетті. Осының бәрі Елбасы қабылдаған мемлекеттік бағдарламаларды нәтижесінде жүзеге асып отыр. Табиғи газды игіліктеріңізге пайдаланыңыздар, - деді Азамат Сафималиұлы.

 

Тұрғындар атынан сөз алған Тілепберген Перғалиев қуанышты сәтке орай Елбасы, облыс, аудан әкімдеріне зор алғысын жеткізді. Табиғи газ алауын аудан әкімі Азамат Сафималиев пен Тілепберген Темірболатұлы жақты.

 

А.Орынғалиұлы,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz