20 Желтоқсан 2018
663

2019 ЖЫЛЫ «EMPLOYMENT FOR JASTAR» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСПАҚ

  

– Қазіргі кезде орталық Орал қаласындағы жастарға қатысты мәселелерді шешу бағытында барлық оқу орындарымен және бірқатар кәсіпорындармен өзара әріптестік бойынша меморандумға қол қойды. Теологиялық бағытта, теріс діни ағымның жетегіндегі жастармен және теріс діни ағымның экстремизмнің алдын алу мақсатында жастарға мешіттерде, орталық базар аумақтарында кеңестер берілсе, қыркүйек-қазан айларында оқу орындарындағы студенттермен жалпы кездесулер өткізіліп, енді әрбір оқу орнында кесте бойынша жекеленген теологиялық кеңес жұмыстары жүргізілуде.

Жастар арасында белсенді өмір салтын қалыптастыру, олардың бос уақытын тиімді өткізу  барысында орталық жанынан еріктілер корпусы жасақталды. Жыл басынан бері қаламызда өткізілген «Uralsk Job Fair – 2018», «UralskMarathon – 2018», «UralskMеdiaForum–  2018», «Қала күні» мерекесі, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда ерікті жастар айрықша белсенділік танытты.

Сондай-ақ қазіргі таңда орталықтың бір бөлігі жастарға шағын коворкинг орталығы ретінде пайдалануға беріліп, бұл орталық қазір жастардың ой-пікірлерін бөлісуге, жастардың өзін-өзі дамытуға үлкен қолдау болып отыр. Орталық жастар жылына орай, арнайы жастар мәселесіне қатысты жоспар жасақтап, жастарды жұмысқа орналастыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда волонтерлік қозғалысты дамыту, талантты жастардың жобаларына қолдау көрсету, жастарды оқыту бағытында арнайы жобалармен жұмыстануды қолға алуда. Келесі жылы жоспарға сәйкес жұмыспен қамту мәселесін жандандыру мақсатында «Employment for jastar» жобасын іске асыру қарастырылуда. Жоба аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, жұмыс берушілермен кездесулер, жұмыссыз жастарға арналған түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Жастардың кәсіби білімінен басқа бағытта да жетілдіру жұмыстарын жандандыру аясында бейімділігі бойынша ағылшын тілі курстары, AutoCad, 1C  және т.б. курстар жүргізілу жоспарлануда.

Орталықтың жұмысы туралы ақпаратты Instagram @oraljastary, @oraljastary_job, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілерінде «Oral Jastary»  сынды парақшалардан көруге болады. Әлеуметтік желілер арқылы дін ұстанушы жастарды анықтау бойынша мониторинг жүргізу және аналитикалық зерттеулер ұйымдастыру және жастардың діни сауаттылығын арттыру, жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру мақсатында әлеуметтік желілерде (инстаграмм, вкантакте, фейсбук) «Діни таным» атты парақшалар ашылып, парақшаларға «kazislam.kz», «old.muftyat.kz», «azan.kz», «muslim.kz», «ummet.kz» т.б. сенімді ақпараттық сайттардан материалдар салынып отыр, – Болатбек  Жеткергенұлы.

 

Самал ЖАМЕТ,

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі