28 Желтоқсан 2018
445

Зеленовта 1246 жас кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайды

 

Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында «2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту жөнінде» аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлхан Бабатаева хабарлама жасады.

 

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 123 маманға 432 млн 866 мың 300 теңге несие берілді. Оның ішінде білім саласына 78 маман, денсаулық сақтау саласына 29 маман, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына 5, мәдениетке 8, ветеринария саласына 3 маманға берілді.

 

Көтерме жәрдемақы төлеу үшін 41 маманға 6 млн. 902 мың. 3 жүз теңге қарастырылды, төлемдер толық көлемде игерілді. Білім беру 27, денсаулық сақтау 6, әлеуметтік қорғау 2, мәдениет 4, спорт 1, ветеринария 1 маман.

 

Ауданда жұмыстанатын шағын орта бизнес нысаны 2315 бірлікті құрайды, оның ішінде 21% (490) белсенді жастар 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер болып табылады.

 

Бизнестегі жұмысшылар саны 6229 адамды құрайды, оның ішінде 20% -ы 29 жасқа дейін жастар (1246 адам).

 

2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және көпшілік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 11 айының ішінде жалпы сомасы 397,4 млн. теңге болатын 101 жоба қаржыландырылды. Ал 46,8 млн. теңгеге 13 жобаны 29 жасқа дейінгі жастар жүзеге асырды.

 

«Бастау-Бизнес» жобасын іске асыру мақсатында 206 адам оқыды. Олардың арасында 26 жас бар. Жастар мал өсіру және бордақылау, құс шаруашылығы, құрылыс материалдарын өндіру, арнайы техниканың қызмет көрсетуі, полиграфиялық қызметтер, барлығы 19 жоба іске асып, 67 млн. теңгеге қаржыландырылды, - дейді Гүлхан Амантайқызы.

 

Отырысқа қатысушылар келер жыл, яғни Жастар жылы аясында атқарылатын жұмыстарға өзіндік ұсыныстарын білдірді.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz