03 Қантар 2019
394

БҚО-да 600 млн теңгенің азық-түлік тауарлары төмен бағамен сатылған

Айта кетерлігі, сауда сөрелеріне шығарылған аймақтағы тұрақтандыру қорындағы азық-түлік бағасы базар нарқынан 20 пайызға төмен.  Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 230 рет ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Олар облыс орталығымен қатар аудандарда да өткізілді. Сауда сөрелері тегін ұсынылғандықтан, тауар бағасы базардағыдан айтарлықтай төмен.  Жаңа жыл қарсаңындағы жәрмеңенің тиімділігін арттыру мақсатында тіпті қала көшелерінде қозғалыс шектелді. Жәрмеңкеде аймақтағы 60 шақты шаруа қожалығы өз өнімдерін ұсынды.      Мырзағали Мұхамбетов, қала тұрғыны: -  Жұмыртқа, көкөністер де бәрі арзан, нарықтың базардан қарағанда. ейбіреулері тіпті екі есе арзан. Мына жұмыртқа 350 болса, мында 200-220 теңге. Кісілер енді өзіңіз көрдіңіз, көп келіп жатыр, алып жатыр. Сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорының қоймасындағы азық-түлік  те  шығарылды. Көкөніс қоймаларында жергілікті алқаптардан жиналған мың тонна картоп және 100 мың литр күнбағыс майы сақтаулы. Сонымен қатар, жарма, құс еті мен ұн және өзге де әлеуметтік маңызға ие өнімдер сатып алынған. Тұрақтандыру қорын жасақтауға қазынадан 350 миллион теңге бағыттылды. Қаланың әр түкпірінде жасақталған арнайы сауда орындары арқылы азық-түлік тауарлары 10-20 пайыз төмен бағамен сатылды.  Алтай Көлгінов, облыс әкімі: - Негізгі көздеген мақсатымыз қолжетімді бағамен тұрғындарға делдалдарсыз өзінің шығарған өнімін сату. Кәсіпкерлермен сондай келісімге жеттік, осы жаңа жылға тұрғындарға осындай сыйлық жасау. Себебі жаңа жыл ол отбасылық мереке, сондықтан осы жұмада, келесі жұмада осындай жәрмеңкелерді өткізіп жатырмыз. Көргеніңіздей сұраныс жоғары. Өзіміздің өңірде шығатын тауарларды халық білу керек. Жалпы өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 2 жарым миллиард теңге тартылған. Жергілікті өнім өндірушілер өңір тұрғындарының нан, сүт, ет және көкөніс өнімдеріне қатысты сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отыр.     

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

БҚО-да 600 млн теңгенің азық-түлік тауарлары төмен бағамен сатылған