03 Қантар 2019
434

Оралда келер жылы спорт колледжі пайдалануға берілмек

Жаңа жыл мерекесіне арналған шаңғымен көпшілік жүгіру және қысқы жартылай марафон. Бұл шараға 500-ден астам өңір тұрғыны қатысты. Шаңғышылар шаған өзенінің оң жағалауында 2 жарым шақырым қашықтықты еңсерді. Айта кету керек, мереке қарсаңындағы шараға билік пен бұқара өкілдері бірдей атсалысты. Жағымды жаңалықтың бірі, келер жылы өңірде 300 орындық интернаты мен спорт колледжі пайдалануға берілмекші. Алтай Көлгінов, облыс әкімі: – Бұқараларық спортты дамыту бойынша Елбасының шақыруын қабыл алып, бәрі спортпен айналысып жатыр. Жылдың басты жетістігі Елбасының іссапары бойынша ең алыс аудандарға жол салынып жатыр, су келіп, үйлер салынуда. Теректі ауданымыз кәсіпкерлерді қолдаудан бірінші орын алуда. Ол да біздің тұрғындардың еңбегі деп санаймыз.   Шаңғышылардан аязды күні мұзды суға шомылушылар да қалыспады. Жаңа жылды сергек көңіл-күймен қарсы алғандар арасында балалар да, егде жастағы қариялар да баршылық. Айсұлу Қажымақова, қала тұрғыны: – Мен 30 жылдан бері осылай қыста суға келемін. Бұл өте жақсы. Жылды жақсылап қорытындылап жатырмыз. Егер тоңып қалсаңыз, біздің қатарымызға қосылыңыз. Бұл күні қала көшелерінен жүздері бал-бұл жанған балаларды кезіктірдік. Өткен жылға салауат айтып, келер жылдан тек жақсылық күткен ересек тұрғындар да мәз-майрам. Кейбірі жаңажылдық сыйлық алудың қамымен жүр. Мәселен, қаладағы сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылған «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты жәрмеңкеге жиылғандар қарасы көп болды. Рахима Сағиева, қолөнер шебері: – «Сутаж» деп аталады. Онымен жұмыс жасаған өзіме ұнайды. Қиыншылығы айтарлықтай жоқ, негізі көп уақыт кетеді. Бір кішкентай сырғаны жасауға бір-екі күн уақыт кетіп қалуы мүмкін. Бірақ тапсырыс берген қыздарға ұнап, олар алғысын білдірген кезде қиыншылықтың бәрі ұмытылып кетеді. Талғат Серікқалиұлы, тілші: – «Ақжайық – шеберлер қаласы» жобасы осы жылдың басында қолға алынған. Осы аз уақытта жергілікті қорлөнершілердің қатысуымен 40 шақты жәрмеңке ұйымдастырылған. Әсем дүниелердің авторлары жақында ресейліктерді де таңқалдырып қайтты.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Руслан Ғазизов, Қанат Махмұтов

Оралда келер жылы спорт колледжі пайдалануға берілмек