03 Қантар 2019
339

Батысқазақстандық кәсіпкерлер мемлекет қазынасына 5 млрд теңге қарыз

Қазір бұл тізімде 1900 салық төлеуші тіркелген. Ал биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия күшіне енеді. Осы ретте 2018 жылдың 1 қазанына дейін жиналған айыппұлдар есептен шығарылады. Бұл тек бизнес өкілдері өздерінің негізгі қарыз мөлшерін толық жапқан жағдайда мүмкін болады. Батыс Қазақстан облысында 1 миллиард 600 миллион теңге есептен шығаруға жатады. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдеуінше аймақтағы 46 мың бизнес субьектісінің 7-8 пайызының ғана мемлекет алдында берешегі бар. Тимур Төлепов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы: – Салық төлеу үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін 1 млн берешегі болса, қарызды келесі жылдың 31 желтоқсанына дейін төлесе, онда өсімпұлдар шегеріледі.