04 Қантар 2019
523

Мемлекет басшысы БҚО-дағы Зеленов ауданының атауын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28  желтоқсан № 820