04 Қантар 2019
475

БҚО-ның шалғай аудандарына жол салынады

 

Батыс Қазақстан облысында биыл ең шалғай аудандарға апаратын 122 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл өткен жылғы көлемнен екі есеге артық. Жәнібек, Зеленов, Шыңғырлау, Бөрлі, Тасқала, Теректі және Ақжайық аудандарының аумағындағы автокөлік жолдарын жөндеуге 8 миллиард теңге бағытталады. Былтыр республикалық, облыстық және қалалық маңыздағы 279 шақырым жолдарды жөндеуге 34 миллиард теңге жұмсалды. «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының құрылысы сәтті аяқталды. Аймақ тұрғындары асыға күтіп отырған маңызды жобаның бірі – Жәнібек, Бөкей ордасы және Қазталов аудандарына апаратын жолдың құрылысы алдағы 3 жылда аяқталмақ. Бауыржан Айтмағамбетов, облыстық АЖ және ЖК басқармасы басшысының орынбасары: – Ұзындығы 245 шақырымды құрайтын жол жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Оның ішінде Қазталов – Жәнібек – Ресей шекарасы және Өнеге - Бисен - Сайхын бар. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданған болатын. 2021 жылдың аяғына дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. 



Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/287795-b-o-ny-shal-aj-audandaryna-zhol-salynady