08 Қантар 2019
625

БҚО-да жаңа 126 пәтер берілді

 

Орал қаласында баспанасы апатты жағдайда деп танылған тұрғындарға жаңа пәтер берілді. Былтыр Гагарин көшесіндегі 12 пәтерлі 2 қабатты үйдің орнына «Караванный путь» ЖШС 9 қабатты 126 пәтерлік  үйді салды. Тұрғындар бұл үйдің құрылысын бір жылға жуық күткен.

 

Өздеріңіздің сұраныстарыңыз бойынша зәулім де биік үй салынып, жаңа пәтерге қоныстанып жатырсыздар. Бұл үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды. Үйдің құрылысына серіктестік басшылығы инвестиция есебінен өз қаражатын жұмсады. Мемлекет тарапынан инженерлік-коммуналдық желілер тартылып, абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Көгалдандыру, абаттандыру жұмысы көктемде басталады. Үйге, сонымен қатар, «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламасының қатысушылары мен «Тұрғынүй құрылысжинақ банк» салымшылары да қоныстануда, – деді үйдің ашылуына қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, Оралда екі жыл бұрын апатты жағдайдағы 52 үй болды. 2015-2016 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 11 үй сүріліп, 113 отбасы көшірілді. Соның ішінде 68 жанұя жаңа пәтерге ие болуда. 45 отбасы жаңадан салынып жатқан жатқан үйдің құрылысының аяқталуын күтуде. Қазіргі уақытта қаладағы апатты үйлердің саны 41-ге азайды. Былтырғы жыл басынан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған үш үйдің құрылысы аяқталды. Одан бөлек, апатты деп танылған үйлердің орнына салынып жатқан бірнеше нысанның құрылысы жалғасуда.

 

 

 

Источник: http://zhaikpress.kz/ru/news/v-uralske-na-meste-avarijnogo-doma-postroen-novyj-126-kvartirnyj-dom