04 Қантар 2019
763

Оралда оқушылар арасында облыстық олимпиада қорытындыланды

Оралда жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды.

 

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысып, жүлдегерлерді марапаттады.

Айта кетейік, олимпиадаға 410 оқушы қатысты. Жеңімпаздар жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 15-20 наурыз Ақтөбе қаласында, ал қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 25-30 наурыз Қызылорда қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.

31 оқушы I, 48 оқушы II, 70 оқушы III орын ие болса, 55 қатысушыға алғыс хат берілді.