10 Қантар 2019
433

Биыл Батыс Қазақстан облысында 6 балабақша ашылады

 

Бұл жайлы БАҚ-қа арналған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.

 

 

БҚО-да 507 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі біліммен 1-6 жас аралығында балалардың 78,9 пайызы, 3-6 жастағылардың  100 % қамтылған.

 

Былтыр облыста жалпы 2020 орынға арналған 26 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Оның 20-сы жеке балабақша.

 

- 2019 жылы 480 орынға арналған 6 мектепке дейінгі ұйымның  ашылуы жоспарланды. Оның 5-уі жеке балабақша. Қазір облыста 61 жеке балабақша бар. Бұл барлық балабақшалардың 12 пайызы, - дейді Шолпан Маратқызы.