14 Қантар 2019
569

Облыс әкімі белгілі сурет және қолөнер шеберлерімен кездесті

 

Кездесу барысында облыс әкімі суретшілермен көркемдік шығармашылықтағы жаңашылдық пен ұлттық мәдениеттің дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан туындайтын міндеттерді одан әрі қарай іске асырылуы туралы пікір алмасылды.

Кездесу барысында облыс әкімі мәдениет саласының даму жоспарлары туралы әңгімелеп, аймақтың мәдени әлеуетін дамытуда бейнелеу өнерінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, облыс орталығында орналасқан көркем галереясы қайта жаңартылып, құрылысы биыл басталатын Мәдениет сарайында көрме орталығы құрылады.

Өз кезегінде, бейнелеу өнерінің шеберлері мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.