18 Қантар 2019
986

Облыс әкімдігінде жаңа тағайындау

 

Бүгін облыс активінде БҚО әкімі Алтай Көлгінов облыс әкімінің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды.

 

 

«Өңір-орталық» ротация негізінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысты.

 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасарының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жемісті жұмысын атап өтіп, жаңа қызметте табыстар тіледі.

 

Өз кезегінде, Игорь Стексов облыстың өркендеуге бағытталған бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғысын білдірді. 

ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Исқалиев Ғали Нәжімеденұлы тағайындалды.

 

Исқалиев Ғали Нәжімеденұлы – 1970 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықарадық бизнес академиясын  «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Әр жылдары:

- «Банк ТуранАлем» АҚ Орал қаласындағы филиалында  маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры,

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің

директоры,

- «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы,

-  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,

- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.