26 Қантар 2019
645

Еңбек ардагерімен кездесу

 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов еңбек ардагері Роза Көжековамен кездесіп, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

 

Кездесу барысында өңірдің экономикалық дамуы, азаматтық қоғамның рөлі мен жастар, отбасы институтының мәселелері төңірегінде ой талқыланды.

 

- Жастарға рухани және отбасылық құндылықтар, салт-дәстүр, мәдениетіміз, ел бірлігі туралы әрқашан дәріптеп, үйретіп жүресіз. Халыққа қызмет етудегі адалдығыңыз, мол тәжірибеңіз мен өнегелі істеріңіз қашан да зор құрметке лайық, - деп облыс әкімі алғысын білдірді.

 

Өз кезегінде, еңбек ардагері облыс басшысына құрмет көрсеткені үшін ризашылығын  білдірді.