29 Қантар 2019
415

Оралдық жастар қар тазалауға жәрдемдеспек



Батыс Қазақстан облысында биыл қар қалың түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

 

Коммуналдық мекемелер жиі соққан бораннан кейін жолдарды аршып үлгерер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орал қаласының өзінде әлі тазаланбаған көшелер жетерлік. Ауа райын болжау мекемесінің мәліметінше, қыс басталғалы 60 сантиметрге жуық қар жауған, шаһардан 392 мың текше метр ақ ұлпа шығарылды. Қала тазалығына қазір жастар да атсалысып жатыр. Айталық, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері «Жастар жылына» орай төл қаламызды көркейтейік деген бастама көтерді. Университеттің 50 студенті Достық даңғылын Пугачев көшесінен Абай алаңына дейін тазалады. Олар өзге де оқу орындарының шәкірттерін қатарға қосылуға шақырып отыр.

 

Елдос Серікқалиев, студент:

 

- Қар мол түсуіне байланысты коммуналдық қызметкерлер үлгермей жатыр. Және біз Жастар жылы қарсаңында осындай үлес қосқымыз келеді. Қызықты сәті келесі оқу орнына 2х форматында жолданады. Яғни біз 50 студент шығарсақ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жастары 100 студентпен жалғастырады деп ойлап отырмыз.