29 Қантар 2019
551

БҚО-да «English for Jastar» жобасы жалғасуда

 

«Жас Отан» Жастар қанаты БҚО филиалы биыл 500-ден астам оқушыға ағылшын тілін үйретуді мақсат етіп отыр. Бүгінгі таңда Қаратөбе, Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау аудандарында «English for Jastar» жобасымен 8-11-сынып оқушыларына арналған тегін факультативтік курстар қаңтар айынан басталды.

 

Өткен жылы облыстың 6 ауданында жүзеге асып, 600-ге жуық оқушы Elementary, Pre-Intermediate деңгейлерін меңгеріп, оксфордтық құрал жиынтығымен білімдерін жетілдірген болатын.

 

 «English for Jastar» жобасы 2 ай бойы жүргізіледі. М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Шетел тілі» мамандығының студенттері ерікті түрде ауыл балаларын ағылшын тіліне үйретуде.

 

Сонымен қатар тегін курстан өтіп жатқан балалар арасында алдағы уақытта дискуссиялық еркін алаңдар мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері тілдік қабілеттерді дамытуға бағытталған дәрістер өткізбек.