30 Қантар 2019
508

Бөкей ордасы ауданының Әжен ауылы таза ауыз сумен қамтылды

 


Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар жұмыс барысымен Бөкей ордасы ауданындағы Әжен ауылындағы су құбырлары желісін іске қосу рәсіміне қатысты. Нәтижесінде Әжен ауылының 120 тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында, бұл маңызды мәселені шешу үшін 70,1 млн теңге бөлінді. Бұл су құбырлар желісінің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған, жалпы құбыр ұзындығы 1,3 км жуық.

Айта кету керек, биыл ауданда тағы 3 ауылды орталықтандырылған таза ауыз сумен жұмыстары жүргізіледі.