30 Қантар 2019
509

Жұмыс сапарымен Бөкей ордасы ауданына келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев өткен жылы пайдалануға берілген 70 орындық жаңа мектеп-интернатының жұмысымен танысты

 

Білім ошағының материалдык-техникалық базасына оң бағасын берген облыс әкімінің бірінші орынбасары оқушылармен жүздесіп, оларға бос уақыттарында спортпен айналысу керек екенін айтты. Сонымен қатар интернаттағы бос тұрған орынды тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт залын салу қажеттігін айтып өтті.