31 Қантар 2019
607

Жәнібек ауданы әкімінің халық алдында есепті кездесуі

 

Жәнібек ауданында өткен есепті жиында аудан әкімі Азамат Сафималиев өткен жылда атқарылған істер және алда тұрған міндеттер турасында баяндады. Есеп беру жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық және аудандық мекеме-кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

 

 

Келелі бас қосуға жиналғандар назарына өткен жылы атқарылған істер турасындағы бейнебаян көрсетілді.

 

Өткен жылы ауданға 2 млрд 225 млн 800 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды.Жыл ішінде өндірістік цехтармен 51 млн 406 мың тенге көлемінде жұмыстар жасалып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды. 2018 жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 6 млрд 256 млн 700 мың теңгені құрады.

 

Жұмыспен қамту шараларымен 1 мың 430 адам қамтылып, 882 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ақоба ауылында ауыз су құрылысы және Талов ауылында ауыз су құбырын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде аудан халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамту денгейі 100% құрады.

 

Өнеге, Майтүбек және Жұмаев ауылдарындағы газ құбырының құрылыс жүргізіліп, нәтижесінде аудан 100% газбен қамтылды.

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жәнібек ауылында екі пәтерлі 40 тұрғын үй тапсырылды. Өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 213 азаматтың 88-і баспанамен қамтамасыз етілді.

 

2018 жылы аудан орталығы жалпы ұзындығы 10 км болатын 9 көшеге орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

 

Ауданда балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу деңгейі 99,8% жетті.

 

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 8 спорт алаңдары салынды. Биыл төрт спорт алаңдарын құрылысы жүргізілмек.

 

Өткен жылы Ұзынкөл ауылындағы мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар биылғы жылы Талов және Қамысты ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Аудан орталығы Жәнібек ауылының орталық алаңы жаңғыртылды.

 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағытындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.